Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ШАРДАРАЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

«Шардара Армспорт» спорт клубының қол күресшілері Шардара ауданындағы №850 дауыс беру учаскесіне барып өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Бүгінде «Шардара Армспорт» спорт клубында 500-ге жуық спортшы жаттығады. Аудан бойынша қол күрестен 113 әлем чемпионы бар.

Айта кетсек, Шардара ауданы бойынша 33 дауыс беру учаскесі құрылған. Онда 43 675 дауыс беруші тіркелген. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады.