Bugin
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысында Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылындағы №584 дауыс беру учаскесіне жаңадан шаңырақ құрған жас жұбайлар келіп дауыс берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұбайлық өмірге жаңадан қадам басқан жас отбасы иелері Лазизхан Шарипов пен Махбуба Шарипова.
Айта кетсек, облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен.
Барлық 945 учаскеде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр. Дауыс беруге алғашқы келгендерге арнайы сыйлықтар табыс етіледі.