Bugin
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысында «Арыс футбол клубы республика көлемінде өтіп жатқан референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Клубтың директоры Ерғазы Медетбеков бастаған спортшылар маңызды саяси оқиғадан шет қалмай, азаматтық борыштарын атқаруды дұрыс деп тапқан.
«Біз спортшылар ретінде тек алаңда ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді болуымыз керек. Әрқайсымыздың дауысымыз ел болашағын анықтауға үлес қосады», — дейді спортшылар.
Аяқдоп шеберлерінің бұл қадамы азаматтық белсенділіктің маңызды екенін көрсетті.