ҚОҒАМ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ 73 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kam-kray.ru

Түркістан облысында референдум күні 73 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның қатарында егіздер де бар. Референдум күні Түркістан облысында 41 ер бала, 32 қыз бала туды. Сол бұрымдылардың біреуін Әсем Белденова өмірге әкелді. Жаңа босанған ананың жағдайы жақсы.

Баласын бауырына басқан тағы бір ана, Дильназ Момынова. Оның 2 қыз бір ұлы бар.

Айта кетейік өңірде осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 27 074 сәби дүние есігін ашқан. Олардың 311-і егіз, 7-і үшем.