Bugin

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРІКСТАН ОБЛЫСЫНДА "СЕЛФИГЕ ТҮС ТЕ, ЖЕҢІМПАЗ АТАН!" КОНКУРСЫ ӨТУДЕ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

 

Түркістан облысының тұрғындары дауыс беру учаскелерінің маңында селфиге түсіп, #референдумғакел, #дауысбер сынды хештэгтермен әлеуметтік желілерге жариялап, конкурсқа қатысып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жеңімпаздарды анықтау ашық түрде өтпек. Яғни, кез-келген дауыс беруші өз парақшасына сурет салып, хештэг қою арқылы, түрлі сыйлықтарға ие болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, ел президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2-қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауы барысында АЭС салу мәселесі бойынша республика көлемінде жалпыхалықтық референдум өтетінін мәлімдеген болатын.

Бүгін таңғы 7:00-ден бастап Түркістан облысында 945 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр.