Bugin
Фото: freepik.com
Балқаш маңындағы Саяқ кен орнында үш кенші газға уланды. Қайғылы оқиғадан екі кенші мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
5 қазан күні 1990 жылғы Дулат Игембаев пен 2001 жылғы Мадияр Тұрысбаев қаза болды.
Ал Қазақмыс референдумға байланысты бос еместігін жеткізіп, ешқандай пікір білдірмеген. Қарағанды облысы еңбек инспекциясы департаменті фактіні растады. Қайғылы оқиғаға қатысты комиссия құрылып, арнайы тергеу жүріп жатыр.