Bugin

Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм/ janar_baisemiz

Америкалықтар асырап алған Динара есімді қазақ қызы өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Бұл қаралы хабарды журналист Жанар Байсеміз инстаграм әлеуметтік желісінде жариялады. “Шетелдегі қазақ балалары” бағдарламасында Динараның сұхбаты да бар. Бағдарламада динараның өмірге құштар, көңілді әрі белсенді екені айтылған. 

Динара түсірілім тобына тегін айтпаған. Бірақ асырап алған ата-анасы есімін ауыстырмапты. Ол 6 жасында мұхит асқан. Оған дейін балалар үйінде болған. 

Журналист желіде Динараның туған анасына хабарды жеткізе алмай отырғанын айтты. 

Еске салайық, бұған дейін Динараның балалар үйінде қиындық көргенін, тәрбиешілері келе еткенін жазған едік.