Bugin
Фото: freepik.com
Жетісу облысындағы бухгалтерлердің қылмысы анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бас прокуратураның мәліметінше, Кербұлақ ауданы прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлері бюджет қаражатын жымқырған. Олар 2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударған. Келтірілген шығын 34 млн теңгені құрады.
Сот үкімімен бухгалтерлер 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді.