Bugin
Фото: freepik.com
Атырау облысында екі адамның өлімі тіркелді. Ал ұлы суицид жасаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, ерлі-зайыптыны өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша 25 жастағы ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтірген, содан кейін өз өмірін қиған", – делінген хабарламада.
Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.