Bugin
Фото: freepik.com
8, 9 және 10 қазанына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандардың айтуынша, елде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады. Апта басында антициклондық сілкініс Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғысынша әсер етеді және ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Одан кейін еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Мысалы 9-10 қазанда батыста қатты жаңбыр жауады деп болжануда.
Республика бойынша да жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік облыстарда тұман түседі деп күтілуде.