Bugin

Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ІІМ

Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Қорғаныс министрлігі қаулы жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады. 

Құжатқа сәйкес, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, ҰҚК Шекара қызметінде, ІІМ Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлігінде офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқарады. 

Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру үшін ұйымдасырылған.