Bugin

46 млн теңге залал келтірген қарағандылық Ресейде ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қарағандыда қылмыс жасаған азамат Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Bugin.kz. 

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық жасаған. Қылмыстың нәтижесінде мейрамхана иесіне 46 млн теңге залал келген. Осы жылдың мамыр айында ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталды, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. 

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.