Bugin
Фото: Видеодан алынған кадр
Петропавлда жер үй өртенді. Салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 6 қазанда түнгі сағат 3.16-да болған.
Жер үй және шаруашылық нысаны өртенген. Онда 4 адам тұрған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жер үй өртеніп жатқан.
“Олар үйден 3 жасар қыздың, оның 1985 жылы туған анасы мен 1979 ер адамның (көрші) денелерін алып шықты. Үйден иесін мамандар құтқарған”, - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 20 маман мен 6 техника жұмылдырылды.