Bugin
Фото: freepik.com
Қарқаралыда 21 мың гектар аумақ өртеніп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге Астана қаласы, Павлодар, Абай облыстарының ТЖД және ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығының құтқарушы топтары және жергілікті ерікті өрт сөндірушілері 236 адам көмекке келді.
Өртті оқшаулауға 42 техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз аппарат жұмылдырылды.
Ал ТЖМ-ның соңғы мәліметінде Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы 10 мың га дала өрті оқшауланғаны хабарланды.