Bugin
Фото: freepik.com
Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Талдықорғаннан табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алдын ала ақпарат бойынша, ұсталған шетелдікке ұрлық жасады деген айыппен Өзбекстанда іздеу жарияланған. Ол іздеу жарияланғанын білген соң, Өзбекстаннан кетіп, Қазақстанға келген. Шымкент қаласында жасырынып, наубайшы болып жұмыс істеген. Осы жылы ол Талдықорғанға көшіп келіп, аспаздың көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. Жедел деректер бойынша іздеуде жүрген адам Талдықорғанда ұсталып, қамауға алынды.