Bugin

Атырауда 5-қабаттан құлаған 2 жасар баланың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Атырауда 5-қабаттан құлап, жансақтау бөлімінде жатқан бала палатаға шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-қабаттан 2 жасар нәресте құлаған. 2 жасар бала ауруханаға түскенде көптеген диагноздар қойылған. 

«Бассүйек жарақатын, екі өкпесінің тұсы зақымданған, сондай-ақ дене жарақаттарын алған. Қазіргі кезде ем-домдар жасалып жатыр. Әрі қарай емі палатада жалғасады", - дейді дәрігерлер.

Еске салайық, бұған дейін 19 жастағы қыздың 14-қабаттан құлап, мерт болғанын жазған едік.