Bugin

ШҚО-да 38 жастағы ер адам жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: zaisan_audany_akimdigi

Zaisan_audany_akimdigi инстаграм парақшасында Игенбаев Данияр Алпысбайұлын бір аптаға жуық іздеп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Данияр Алпысбайұлы 1986 жылы туған. Ол 2 қазан күні таңертең сағат 08:00 шамасында үйінен шығып, бүгінгі күнге дейін қайта оралмаған. 

“Белгілері: бойы 175-180 см, дене бітімі орта,  көзі қара домалақ, шашы қара түсті, үстінде жасыл түсті капюшон бар камуфляж, аяғында қара түсті красовки киген”, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар парақша әкімшілігі аталған азаматқа қатысты қандайда бір ақпарат болған жағдайда Зайсан АПБ 102 арнасына хабарласуды сұраған.