Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облыстық прокуратура өкілдері Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысы бар жеті күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында төбелес болып, қаланың 16 жастағы тұрғыны пышақталып, жан сақтау бөлімінде көз жұмған еді. Тағы екі азамат ауыр дене жарақатын алған.
“Прокуратура органдары кісі өлтіру туралы бұл істі ерекше бақылауға алғанын ресми түрде хабарлаймыз. Бұл қылмысты жасады деген күдік бойынша сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беріп, жеті күдікті адам ұсталды. Біз барлық жағдайды анықтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған объективті тергеуге кепілдік береміз.Тергеуге көмектесетін кез-келген ақпаратпен прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Облыстық прокуратура өкілдері "осы қылмысқа қатысы бар адамдар жауапкершіліктен қашпайды, заң алдында жауап береді" деп мәлімдеді.