Bugin
Фото: kaz.nur.kz
Желіде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күзетшісі ағылшын тілінде еркін сөйлеп тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Түркі астанасының тарихын шетелдіктерге таныстырып жүрген Ілияс Шер есімді азамат. Түркістандық Ілияс Шердің ағылшын тілінде сөйлеп тұрған сәті түсірілген видео өткен аптада желіде кең тараған еді. Күзетшіден Nur.kz тілшісі сұхбат алған.
"Өмір бойы осы қаладағы қоғамдық көлік жүргізушісі болып жұмыс істегем. Ал кесенені күзетуге үш ай бұрын ғана келдім. Содан бері көмек сұраған шетелдік қонақтарға жөн көрсетуге тырысамын. Оның соңы осы ғимараттың тарихын айтып беруіммен аяқталады. Сол сәтті келушілердің бірі ұялы телефонға түсіріп алған сыңайлы. Мен оны байқаған да жоқпын. Кейін туыстарым, таныстарым желіде мен жүрген видеоны жібергенде таң қалдым", - дейді Ілияс Шер.
Кесене күзетшісі шет тілін де балаларынан қалмайын деп үйренген екен. Сөзінше, теория жүзіндегі білім кесенеде практикаға айналып, тілі жаттыққан.