Bugin
Фото: Ladbible.com
Балықшылар жоғалып кеткен 68 жастағы американдық Колин Монфорені акуланың асқазанынан тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Индонезияда болған. Оңтүстік Дакота штатының тұрғыны достарымен бірге Пулау Реонг аралына дайвинг-турға барған.
26 қыркүйек күні қатты жел туристі теңізге алып кеткен. Құтқарушылар сегіз күн бойы әйелді іздеп таба алмаған.
Жексенбі күні жергілікті балықшылар көрші Шығыс Тиморда акула аулап, оның асқазанынан адамның сүйектерін тапқан.
"Ұсталған акула бізге біртүрлі көрінді. Ол пластик немесе балық аулайтын торды жұтып қойды деп ойладым. Себебін білу үшін оны бөлшектеді”, - деді балықшылар.
Акуланың ішінде жоғалған туристтің сүйектері мен киген гидрокостюм болған.