Bugin
Фото: freepik.com
Қырғызстанда медресенің 16 жастағы тәрбиеленушісі 14 жастағы баланы пышақтап өлтірді, деп хабарлады Bugin.kz порталы.
Оқиға 7 қазанда Қырғызстанның Ноқат ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Діни мекеме ішінде екі жасөспірім жанжалдасып қалған. Кейін 16 жастағы бала өзінен кіші баланы пышақтады.
14 жастағы баланы жедел жәрдем қызметі алып кеткен. Бірақ жасөспірім ауруханаға барар жолда көз жұмды.