Bugin
Фото: freepik.com
Қызылорда облысында 10-сынып оқушысы 9-сыныптың баласын көкірегінен ұрып өлтіріп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы мектепте болған. 10-сынып оқушылары Қ. мен Ж. сыныптастарымен бірге 9-сынып оқушыларының амандасуын талап еткен. Кейін олармен сөйлесу үшін жинаған.
Сотталушы Ж. бір қатарда тұрған 9-сыныптың оқушыларын беттерінен бір реттен ұрып шыққан.
Сотталушы Қ. бұл әрекетті жалғастырып, оқушыларды ұрып келе жатып, жәбірленуші А.-ның көкірек тұсынан жұдырығымен бір рет қатты соққы жасаған. Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болды.
Кәмелетке толмаған сотталушы Қ. 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.