Bugin

Ақмола облысында мектепке кетіп, жоғалған баланың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ІІМ

Ақмола облысында жоғалған бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ақмола облысының Қосшы қаласында 7 қазан күні 13 жастағы бала хабар-ошарсыз кеткен. 

Баланың әкесінің айтуынша, ол үйден мектеп бағытында шыққан, алайда ол оқу орнына бармаған. 

Жасөспірімді полиция қызметкерлері ауласындағы жазғы үйден тапқан. Белгілі болғандай, бала аялдамадан өтіп кетіп, сабаққа кешіккен. Жасөспірім қазіргі уақытта қолданылмайтын жазғы уақытша үйде ұйықтап қалған.