Bugin
Фото: freepik.com
Келіншек қазақстандық әнші Adam-нан некесіз перзент сүйгенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әншінің жеке өмірі “Астарлы ақиқат” бағдарламасында талқыланды. Бағдарлама ұжымына Дүниезада Абдуллаева деген әйел хабарласқан. Кейін әншіден некесіз баласы барын мәлімдеген. Есімі Тамерлан екенін, қазіргі таңда 1 жастан асқанын айтқан.
Дүниезаданың айтуынша, баласы Тамерлан көшеде ілінген жарнамалық плакаттардан басқа өнер иелері арасынан әкесін танып, “папа” деп айқайлайды екен.
Дүниезаданың әпкесі танымал әншінің әрекеттерін сынға алды. Оның айтуынша, әнші “алимент талап етсеңдер, баланы тартып аламын" деп қорқытқан.
Бағдарламаға келген Дүниезада әнші Adam-ның заң жүзінде көмектескенін және ұлымен араласқанын қалайды.
“Оның нағыз әке болғанын қалаймын. Екеуміз бірдей жауапкершілік көтеруіміз керек. Бәрін заң жүзінде болғанын қалаймын. Осы жағдайдан соң ол менімен де, баласымен де араласпайтынын түсінемін. Ол көмектессе деймін. Оның ұлымен араласқанын қалаймын”, – дейді Дүниезада.
Келіншектің айтуынша, әлемге әнімен танылған әнші бұлай жасағысы келмейді екен.