Bugin
Фото: freepik.com
Қостанай облысында ақбөкеннің мүйізін заңсыз сақтаған адам құрықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Айыпталушы мүйіздерді Астанадан Қостанайға апармақ болған.
Полицейлер көлікті Әулиекөл тас жолында тоқтатып, 823 ақбөкен мүйізін тапты. Келтірілген шығын көлемі екі миллиард теңгеден асты.
Сот айыпталушыны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.