Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Дәрібаевтар ансамблінің негізін қалаған Ибрагим Дәрібаев қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы белгілі сазгер Бекжігіт Сердәлі Facebook желісінде жазды.
“Қазақ эстрадасында “Жас жұбайлар”, “Аман бол”, “Оқ сияқты”, “Нұрлы арман”, “Айтшы, жаным”, “Сендей болмайды”, “Сүйгеніме” сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым... Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғырып көңіл айтамыз”, – деп жазды Бекжігіт Сердәлі.
Еске салайық, бұған дейін 10 жастағы бала анасын абайсызда өлтіріп алғанын хабарлаған едік.