Bugin
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар «Шымкент-Ақсу» бағытындағы автомобиль жолдың 14 шақырымындағы жерүсті теміржол өткелін қайта құрудан өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бүгінгі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жобалаушы мекеме «Sunkar Building-A» ЖШС тарапынан жер үсті теміржол өткелін қайта құруға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысында автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 248 нысан немесе 1061,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер қамтылды деп көзделуде.