Bugin

Талғардағы қаза: бейнебақылау камерасының жазбалары өшіп кеткені рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысының Полиция департаменті Талғарда болған төбелес түсіп қалған бейнебақылау камераларының жазбалары жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Талғарда болған төбелес түскен бейнебақылау камерасының жазбалары өшіп кеткені туралы ақпарат тарады. 

"Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда 16 жастағы баланы бір топ ер адам пышақтап өлітргенін хабарлаған едік.