Bugin

“Кіші жүз – транс жүз”: Алматыда ЛГБТ құрылтайында шу шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда "Феминита" қоғамдық ұйымы өткізіп жатқан "Лесбиан құрылтайда" шу шықты, деп хабарлайды Bugin.kz

“Феминита” феминистік ұйымы жиын өткізіп жатқанда қоғамдық белсенді, Қазақстан ата-аналар одағының мүшесі Бағила Балтабаева жақтастарымен келіп іс-шараны тоқтатпақ болды. Осыған байланысты ұйым өкілдері полиция шақырған. Ұйым өкілдері полицияға экология тақырыбында дәріс өткізіп жатырмыз деген. Бірақ Бағила Балтабаева оларды ЛГБТ-ны насихаттады деп айыптады. 

Бағила Балтабаева жиын қатысушылары плакатқа арандату сөздерін жазып қойғанын айтады. Ол плакатқа  “Шымкент – транс столица”, “Кіші жүз – транс жүз”, “Сносите всем шаңырақ” деген сөздер жазылғанын айтты.