Bugin
Фото: freepik.com
Көкшетау полицейлері жоғалған әйелді іздеп тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әйел қыркүйек айының ортасында үйден кетіп, қайта оралмаған. Оның ұлы екі аптадан астам уақыт бойы анасын өз бетінше іздеп, таба алмапты. Кейінірек полиция мен еріктілер іздеуге қосылды.
“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында куәгерлердің бірінің айғақтарының арқасында полицейлер іздеу бағытын нақтылап, әйелді тапты. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ”, - делінген хабарламада.
Әйелдің үйден не себепті кетіп қалғаны анықталып жатыр.