Bugin
Фото: freepik.com
Абай облысында өз әпкесінің малын қолды қылған күдікті жауапқа тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ІІМ-нің мәліметінше, Абай облысының тұрғыны ат қораға келіп, малды түгендеу кезінде қорада бір қой мен ешкі жоқ екенін білген. Кейіннен малды оның екі туысы ұрлап әкеткені анықталды. Олардың бірі жәбірленушінің сіңлісі болып шықты.
Сот оларды кінәлі деп таныды. Әрқайсысына бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталғандар жазасын өтеу үшін Семей қаласының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді.