Bugin

Ота жасатуға келіспеді: Танымал боксшы ауыр дертке шалдықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

АҚШ атынан жұдырықтасқан армениялық кәсіпқой боксшы Ванес Мартиросян плоскоклеткалы қатерлі ісік диагнозына шалдықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Дереккөздің мәліметінше, боксшы Ванес Мартиросян ота жасаудан бас тартқан. 

“Әр жекпе-жегімізде бізді қорғайтын дәрігер, жедел жәрдем көлігі, төрешілер бар. Ал қатерлі ісікпен күресте ешкім сені қорғай алмайды”, - деген Ванес Мартиросян. 

Ванес Мартиросян отбасының қолдауының арқасында қазір тыңғылықты түрде ем алып жатыр. Қазіргі уақытта ол Мексиканың Тихуана қаласында химиотерапия курсынан өтіп жатыр.

Айта кетейік, Ванес Мартиросянды соңғы мәрте шаршы алаңға 2018 жылы шыққан болатын. Ванес Мартиросян сол уақыттағы орта салмақтың көшбасшысы, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығып, екінші раундта жеңіліс тапқан.