Саясат

Зеленский жаңа Рейган емес

Бұл екеуін мүлдем салыстыруға болмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мейлі жыл, он жыл, жүз жыл өтсін, тарихтың қайталанатын әдеті бар. Украинадағы президент сайлауында жеңіске жеткен Владимир Зеленскийді, Американың 40-шы президенті Рональд Рейганмен салыстырып жатқандар өте көп. Алайда, бұл екі тұлға арасындағы ұқсастық бірен - саран ғана. Негізгісі - екеуі де шоу-бизнес өкілі. 

Бұл екеуін мүлдем салыстыруға болмайды. Негізгі себептері:

– Рональд Рейган актерлік шығармашылығында ешқашан комик болмаған, әрқашан салмақты рөлдерді сомдаған. Зеленский болса, комедия жанры арқылы танылды.

– Рональд Рейган президентке сайланбай тұрып, Калифорния штатының губернаторы болған. Сенатор болған. Яғни, оның саяси тәжірбиесі мол. Зеленскийдің ешқандай саяси тәжірбиесі жоқ.

– Рональд Рейган ел аралып, халықпен кездесіп, адамдардың жағдайын жақсы білген. Зеленский көбінесе телевизия, интернет арқылы көрінді.

Зеленскийге еш қарсылығым жоқ. Алайда, Рейганның өз елінің экономикасын көтерді. КСРО мен арадағы "қырғи қабақ соғыстың" бәсеңдеуіне және Берлин қабырғасының құлауына себепкер болды. Ол әлемдік саясаткер, Зеленский ондай деңгейге көтеріле ме, жоқ па белгісіз. Ресеймен арадағы мәселелерді шешіп, халқының өмір сүру деңгейін көтерсе, өз міндетін абыроймен аяқтайды деп ойлаймын.