Bugin

Есік ашық тұрған: Мас ер адам күндіз бір үйге кіріп, 11 жастағы қызды зорлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда мас ер адам күндіз бір үйге кіріп, 11 жастағы қызды зорлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

КТК арнасының мәліметінше, қыздың анасы жұмыста, ал әпкесі сабақта болған. Екінші ауысымда оқитын кіші қыз үйде жалғыз қалған. Ер адам үйге кіріп, киімін шешіп, қызды тұншықтырып, зорлық көрсеткен. Ол оқиға болғаннан кейін қызға анасын өлтіремін деп қорқытып, ешкімге айтпауды талап еткен. 

Әйелдің айтуынша, ол бұл ер адамды танымайды. Олар уақытша баспанаға екі апта бұрын көшіп келген. Әйел ажырасқан және екі қызымен бірге тұрады. 

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған ер адам 38 жаста екен. Ол Жетісу облысының тумасы. Ер адам қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.