Bugin

Ойынға кірген: Атырауда көпбалалы ана төрт жылға бас бостандығынан айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: IIM

Атырауда көпбалалы ана сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралды. Сотталушы өзінің атына жеке кәсіпкерлік тіркеп, Атырау қаласы аумағында майлықтар және балаларға арналған жөргек сатумен айналысқан көрінеді. Ол 500 мың теңгені өзіне аудардып, тауарды сатып алушыға жеткізбеген. Белгілі болғандай әйел ақшаны құмар ойынына салып жіберген. 

Сот әйелді 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушының асырауында 4 кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты үкімнің орындалуы 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.