Bugin

Үкімет кімдерге 10,1 млрд теңге берді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ШОК субъектілерінің залалды өтеу туралы өтінімдерін қабылдау және қарау бойынша жұмыс жүргізуде.

Кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті.