Bugin

Токсикозбен түскен: Келіншек ауруханада көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жамбыл облысы Жуалы ауданының аурханасына Айгүл Айтуғанқызы көз жұмды. Ол медициналық мекемеде 12 күн жатып қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Время газетінің мәліметінше, төрт баланың анасы аудандық ауруханаға жүктілігінің 8-айында, токсикозының асқынған кезінде түскен. Ауруханада дәрігерлер науқасқа “ксилол” деген дәрілік затты алдыртуды тапсырған. Айгүл дәріні күйеуіне алғызбақ болған. Алайда перепаратты сатып алуға барғанда дәріханадағылар “ксилолдың” химиялық зат екенін айтқан. Дәрігерлер жаңылысып, дәрінің атын “ксилат” деп айтқан. Әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды. Кейін “ксилаттың” токсикозды емдеуге қолданылмайтыны белгілі болды.

Облыстық полиция департаменті Жуалы ауданы орталық аудандық ауруханасында науқастың қайтыс болу фактісі бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеліп жатқанын мәлімдеді.