Bugin
Фото: freepik.com
Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртенді. Үй ішіндегі 5 бала көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға, бүгін таңғы сағат 04:29-да болған. Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан шатыры опырылып түскен. Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.
Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылғы кәмелетке толмаған балалар болған. Өкінішке қарай үйінділерді тазарту барысында бес баланың өлі денесі табылды. Балалардың үлкені 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.