Bugin

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі өршіді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, алаяқтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар ашуды жалғастырып жатыр екен.
 

Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, халыққа жіберіп жүр.

Ведомство жалған ақпараттарға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды өтінді.