Bugin
Фото: freepik.com
Құмар ойынына салынған ер адам 11 айлық ұлын сатып жіберді. Ол баласын сатып, 800 доллар алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Индонезияда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам құмар ойындарға ақша табу үшін келісім-шартқа отырған. Кейін ақша таппай ұлын сатуға шешім қабылдаған. Ер адамның баланы сатып, 800 долларға жуық ақша алғаны белгілі болды.
Анасы ұлының жоғалып кеткеніне дабыл қағып, полицияға хабарласқан. Индонезиялық азамат қылмысын мойындады.