Bugin
Фото: freepik.com
Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы бес бала көз жұмған өрттің алдын ала себебі белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының төтенше жағдайлар бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Облыстық прокуратура мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіруге 19 адам және 5 техника жұмылдырылған. Өрттің шығуы пештің қараусыз қалуынан болуынан болған.
"Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын-ала себебі – пешті қараусыз қалдыру. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Бас прокурордың бақылауына алынды", - делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында 5 бала өрттен қайтыс болғанын хабарлаған едік.