Bugin
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе облысында ер адам үйленбек болған қызының үйіне кіріп, оны зорлаған. Кейін оны өлтіріп кеткен азамат 22 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сотта күдікті Е. есімді ер адам 2024 жылдың 22 сәуірінде Ақтөбе қаласында түнгі мезгілде сүйіктісінің үйіне заңсыз кірген. Кейін дәрігер қызды еркінен тыс зорлап, артынша қылмыс ізін жасыру мақсатында оны пышақтап, өлтіріп кеткені анықталды.
Ол балкон арқылы шығып, қашып бара жатқанда алдынан полиция қызметкері шыққан. Күдікті ер адам полицейді де пышақпен жарақаттаған.
Сот жігітті кінәлі деп танып, оған 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.