Bugin
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Бүгін Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік өткізілді. Қазақстанның тазалығы – қазақ халқының мәдениетінің көрсеткіші. Қазақстанның әрбір азаматы өзі тұрып жатқан елді мекенде тазалықты сақтауға күш салуы қажет, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Таза Қазақстан» аясында Ордабасы ауданы бойынша тазалық шаралары ұйымдастырылды. Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері Темірлан ауылының басты көшелерінің бірі саналалатын Абасов көшесін тазалап, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі