Bugin
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Облыс әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданы, "Жібек жолы" кеден бекетінде Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастауымен "Тазалық – табалдырықтан басталады" атты сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке, 106 қызметкер атсалысып, 6 техника тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сенбілік барысында кеден бекетінің аумағында 60 қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылды. 1 шақырым жол бойы ретке келтіріліп, әктеліп, сырланды және каналдың іші, аумағы тазаланып, 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сенбілікке кеден бекетіне жақын орналасқан кәсіпкерлік нысандары иелері мен тұрғындар да атсалысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі