Bugin

Түркістан: «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

«Таза Қазақстан» акция аясында Мақтаарал ауданында қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Атап айтқанда полицейлер 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде белгiленбеген орындарда сауда жасау-103, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау-792, елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ жасыл екпелерді жою және бүлдіру- 205 және жол жабындысын ластау – 74 құқықбұзушылық.

Іс-шараның мақсаты-қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру. Рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына бейім орындарда күнделікті рейдтер жүргізіліп, белгісіз орындарға қоқыс түсіретін және ағынды суларды ағызатын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жасалып жатыр.