Саясат
Олар сәуірдің 21-нен 22-не қараған түні қаза болған
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comИндонезиядағы жалпыұлттық сайлау кезіндегі дауыстарды санау барысында, әбден қажыған 150 қызметкер қаза тапты.
Jakarta Post хабарлауынша, қызметкерлердің өлімі созылмалы аурулардың асқынуымен байланысты көрінеді. Олар сәуірдің 21-нен 22-не қараған түні қаза болған. Одан бөлек тағы сайлау комиссиясының 550 қызметкері сайлау күні және оның ертесіне ауруханаға түскен. Елдегі сайлауға қатысқандардың саны 193 миллионнан асып жығылады.
Сарапшылардың пікірінше халқы көп Индонезия үшін электронды сайлау жүйесін енгізу керек. Себебі елде сайлау науқаны кезінде бірнеше лауазымға дауыстар беріледі.
Еске салайық, Индонезияда президент, вице-президент, ұлттық парламент, аймақтық парламент депутаттары сайлауға түсіп жатыр. Деректер бойынша, сайлауға халықтың 80%-і қатысқан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61