Bugin

Мобилографпен жүр: Шерзат қаза болған жерде суретке түскен Ардақ Назаровты ел сынап тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм/ @samal.live

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 дастағы Шерзаттың үйіне барып, суретке түскендер сынның астына қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Журналист Самал Ибраева Шерзат қаза болған дүкеннің алдында суретке түскен Ардақ Назаров пен өртенген үйдің жанында тұрған қайырымдылық қорының  өкіліне шүйлікті. 

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында Шерзат Полат қаза болған жер мен оның өртенген үйі киноалаңға айналғанын айтты.

“Мәжіліс депутаты Талғарға мобилографымен келіп, әдемі фотолар, рилстер түсіріп қайтыпты. Қайырымдылық қорының өкілі көрмеге келгендей өртенген үйдің жанында фотоға түсіп әлек. Трагедия орнын киноплощадка қылу біздікілерге “сән ғой”. Бір кем дүние”- деп жазды ол. 

Еске салайық, бұған дейін Талғарда 16 жастағы жасөспірімнің кісі қолынан қаза болғанын хабарлаған едік.