Bugin
Фото: justice_for_sherzat
Талғарда қаза болған Шерзат Полаттың әкесінің атынан жалған парақшалар ашылып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы әлеуметтік желіде Шерзат үшін ашылған justice_for_sherzat атты парақшада айтылды. Бұл парақшаны ашудың басында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бар. Ол Шерзаттың әкесінің атына ақылған парақшалардың жалған екенін айтты.
Айтбек Амангелді мен Шерзаттың әкесі “митинг болады” деген ақпаратты жоққа шығарды.
“Мен әділетті шешімді күтемін. Баламның ісі соңына дейін барғанын қалаймын. Митингтің болуы менің баламның ісіне кері әсерін тигізеді. Істің тоқтап қалуына алып келеді. Астанадан адвокаттар келіп жатыр. Марқұм Салтанаттың ағасы да келді”, - деді Шерзаттың әкесі.
Еске салайық, бұған дейін Шерзаттың әкесінің атына жалған парақшалар ашып, халықтан ақша жинағандар туралы хабарлаған едік.