Bugin

Құлдықта болған апалы-сіңлі: Назгүлдің Құндызға деген мейірімі елдің жүрегін елжіретті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Ағасының қолында құлдықта болып, “Көреміз” бағдарламасының назарына іліккен Назгүл мен Құндыз өз шындықтарын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Былтыр Назгүл мен Құндыздың ауыр тағдыры елді елең еткізген еді. Кейін қыздар психологпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта бастады. 

“Қой бағатынбыз. Күннің ыстығында тезек жинайтынбыз. Жаман қап-қара болып кеткен едік. Қой бағатын едім ғой. Ұзақ еді”, - дейді Назгүл. 

Назгүл Құндыздың қазіргі жағдайына дән риза екенін сөзімен білдірді. 

"Құндыз үйде қалатын. Мал баққан кезде шаршайтын бұл. Қазір қарасаңыздаршы, әппақ”, - деді ол. 

Қыздардың күтушісі де Назгүлдің Құндызға тым мейірімді екенін айтады. Үнемі уайымдап, ойлап жүреді екен. Күтушісі Құндыз ерке екенін жеткізді.