Bugin

Бір ай бұрын із-түзсіз жоқ болып кеткен жігіттің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бір ай бұрын жұмыстан шығып, жоғалып кеткен павлодарлық жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

VITA Павлодар іздеу жасағының еріктілері жоғалған 26 жастағы Александр Фоминнің денесі Усолка шағын ауданынан табылғанын айтты. Қызығы бұл жер қала тұрғындары күн сайын серуендейтін қайың тоғайдың жаны болған. 

"Ол жерде күн сайын жүздеген адам серуендейді, байкерлер жүреді, жақында тіпті жарыстар да өтті. Оны көруге болатын еді. Бұл өте өкінішті... Біз оны ұзақ уақыт бойы таба алмадық, әртүрлі жолмен жұмыс жасап көрдік, жақында біз тағы да жоспарланған аумақты іздеуге шықтық. Топтарға бөлініп, отырғызылған ағаштардың жанынан өтіп бара жатып, мен бір дақты көріп қалдым, оның үстінде жолақтар болды, жақындап қарасақ, ол Александр болып шықты", - деді "VITA Павлодар қаласының іздеушілерінің" басшысы Екатерина Кудрявцева.

26 жастағы жігіттің қазасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.